Конспект




Барлық тілдердің сөздік құрамы көптеп өзгеріп жатады. Тілге әрқалай қарым-қатынасқа орай басқа тілден сөздер еніп отырады, тұрмыс-тіршілік арқылы заттар мен құбылыстардың аттары өзгеріп тұрады. Тілге басқа тілден енген сөздер кірме сөздер деп аталады. Қазақ тіліне моңғол, араб-парсы, орыс тілдерінен көптеген сөздер кірген.

 



КІРМЕ СӨЗДЕР

Моңғол тілінен енген сөздер

Араб-парсы тілінен енген сөздер

Орыс тілінен енген сөздер

Ұлыс, жасақ, нөкер, жарлық, аймақ, өлке, аға, бұқа, Тарбағатай, т.б.

Адам, әлем, әдебиет, дүние, аспан, бақыт, шаруа, қызмет, құдай, т.б.

Трактор, сот, шәйнек, кәмпит, самаурын, бәтеңке, зауыт, кереует, т.б.



 

Тілімізде кейбір кірме сөздердің қазақша нұсқалары да бар. Мысалы, аэропорт – әуежай, вертолет – тікұшақ, самолет – ұшақ, аудитория – дәрісхана, протокол – хаттама, гимн - әнұран және т.б.

Жалпыхалықтық сипат ала алмаған, белгілі бір аумақтақ тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер тіл білімінде диалект сөздер деген атау алған. Мысалы, зейнет, зайырлы, илану, кембағал, жарымжан, кемтар, күзеу, кəсе, кəуіп, келемеш, кигіз т.б. сөздер диалект сөздер болып саналады.