Табу – ескі наным-сенім, мифтік ұғым бойынша атын атауға болмайтын сөздер. Табу сөздер төмендегідей қалыптасқан:
1) Табиғаттың күшіне байланысты тұрмыс-тіршілікке қауіпті сөздерді айтуға болмайды. Мысалы, "жай түсті" десе, адамға қырсығы тиеді деген оймен "жай" сөзін "жасыл" сөзімен ауыстырып қолданған;
2) Адам өміріне қауіп төндіретін жыртқыш аңдар мен жәндіктердің атымен атамай басқа сөзбен алмастырып қолданған. Мысалы, қасқырды итқұс, найзағайды жай деп атаған бабалар иір-иір жүрсе де, ініне түзу кіретін жыланның да атауын шұбар деп алмастырған. Ал, кей әңгімелерде түйме деп те аталады.;
3) Адамды опат қылатын ауру аттарын да атауға тыйым салынған. Мысалы, шешек ауруының атын айтпай, оны "қорасан" деген сөзбен алмастырып айтқан;
4) Қазақтың әдет-ғұрпы бойынша жаңа түскен келін қайын жұртындағы адамдардың атын тура атамай, олардың бойындағы, мінез-құлқындағы ерекшелігіне орай әрқайсысына ат берген. Мысалы, қыздарға, әйел адамдарға Ерке қыз, Ақылдас, Шырайлым, Еркем, Айнамкөз, т.б. десе, ер адамдарға Шырақ, Мырза жігіт, Төре бала, Би аға, Тай бала т.б.
Тіл білімінде құлаққа түрпідей тиіп, жағымсыз, тұрпайы естілетін сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен алмастырып айту эвфемизм деп аталады. Эвфемизм ойды көркем түрде бейнелеп жеткізу үшін қолданылатын сыпайылықты, мәдениеттілікті білдіретін сөздер.
Дисфемизм – мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы әдеби тілге жатпайтын, біреуді қорлау, тұрпайы, дөрекі түрде айтылатын, кеміту мақсатында айтылатын сөздер.
ДИСФЕМИЗМ |
ЭВФЕМИЗМ |
Ақсақ Қылтамақ Саңырау, керең Соқыр Құрт ауруы Ұрлықшы Өлді Мылжың Туды Өтірікші Өсекші
|
Өкпе ауруы Сөзуар Құлағының мүкісі бар Дүниеге келді Аяғын сылтып басады Зағип Қайтыс болды Жіңішке ауру Аузы жеңіл Қолының жымысқысы бар Қосып айтады
|