Тілдегі кейбір сөздерде бір сөз көптеген мағынада берілуі мүмкін. Екі не одан да көп мағынада қолданылатын сөздер көп мағыналы сөздер деп аталады. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады және де бір сөз табынан болады. Мысалы, Адамның басы, жануардың басы, жұмыстың басы, істің басы, таудың басы, әңгіменің басы, тапсырманың басы. Осы тіркестерде орналасқан «бас» сөзі – бір негізгі сөзден тарау алған зат есім.