Конспект
Лексика – тілдегі сөздердің жиынтығы. Қазақ тіліндегі лексика сөздік құрам ұғымын білдіреді. Тіл лексикасын, сөздік құрамды тіл білімінің лексикология ғылымы зерттейді. Лексикология семасиология, этимология, диалектология, фразеология және т.б. тарауларға бөлінеді. Лексикологияның өте маңызды зерттеу нысаны – сөз. Сөз белгілі ұғым атауы болып, әр түрлі мағына береді.
СӨЗ |
|||
Заттық ұғым атауы |
Сындық ұғым атауы |
Сандық ұғым атауы |
Қимыл, іс-әрекет атауы |
Аға, планета, ғарыш, мұхит, өсімдік, гүл, жануар, тауық, ақша, денсаулық, қуаныш, алма, мақсат, шие, құм, апельсин, жиде |
Қара, сұлу, жаман, жомарт, ұқыпты, тәтті, ащы, тұйық, жылдам, жақын, кір, көк, ақ, қызыл, алыс |
Он, қырық бесінші, бесеу, бір, он бүтін оннан бес, сексендей, бес-бестен, бірінші, елу бес мың бес жүз |
Тұр, жүр, киін, жүгір, кел, айт, шық, сөйле, бар, жуын, іш, же, сүртін, ұйықтац, көр, қара, қайтала, өт |
Қазақ тілінде лексикалық мағынасы болмайтын сөздер де бар. Мысалы, секілді, сияқты, соң, қаралы, бірге, дейін, кейін, тарта, үшін, таман. Бұл сөздер жеке тұрса еш мағына берме алмайды, мағынасы бар сөздермен қана тіркесе қолданылады. Мысалы, мықты сияқты, мың қаралы, тестке дейін, әжесімен бірге, сабақтан кейін, әкесі секілді, мектепке таман, жүзге тарта, елі үшін.
Қазақ тілінде сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады.
Тура мағына – сөздің негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның қолы, аттың аяғы, сұңқардың көзі, құдықтың түбі, қоянның құлағы, суық жел, ұзын тау, жылы киім, т.б.
Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, жұмыстың басы, әңгіменің аяғы, сөздің төркіні, ел ауызы, жылы хабар, үлкен мақсат, күннің көзі, жылы сөз.